×

Қазақстанда жанар-жағармайдың жаңа шекті бағасы енгізілді

Бұйрық 180 күнге есептелген

 Дәурен Ерболат 24.06.2022 | 09:47
Фото: ТАСС

Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанар-жағармайдың жаңа шекті бағасын енгізуді көздейтін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

"Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы" Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы №361 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

  • 1) Жаңа құжатқа сәйкес, бензин мен дизель отынының шекті бағасы Қазақстанның барлық өңірінде өзгереді. АИ-80 маркалы 1 литр бензин 89 теңгеге сатылады.
  • 2) АИ-92 және АИ-93 маркалы 1 литр бензин Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 187 теңге болады;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 1 литр бензин 182 теңгеге сатылады;

  • 3) Дизель отыны (жазғы, маусымаралық): Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында 1 литрі – 260 теңге болады;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында 1 литрі 230 теңгеге сатылады.

Жаңа шекті баға АИ-95 маркалы бензинге және қысқы соляркаға енгізілмейді.

Бұйрық ресми жарияланған күннен бастап, қолданысқа енгізіледі және күнтізбелік 180 күнге есептелген, яғни мұндай баға 2023 жылдың қаңтардың басына дейін белгіленеді.

Құжатта мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу көрсеткіші мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік бағаларын, Еуропа нарықтарына дейінгі көлік шығыстарын, акциздерді, операциялық және басқа да шығыстарды ескеретін формула бойынша айқындалатыны жазылған. Мәселен мұнайдың 1 баррелі шекті бөлшек саудада 130 долларға сатылса, АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі 236 теңге, дизель отынының 1 литрі 420 теңге болады.

АИ-92 маркалы бензин бағасының 54 теңгеге күрт өсуі халық арасында теріс әсер етуі мүмкін екенін ескеріп, 2025 жылға дейін (ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы жұмыс істей бастайтын мерзім) АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге шекті бөлшек сауда бағаларын кезең-кезеңімен арттыру ұсынылып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ноғаев сөгіс жариялаған Ақтау қаласының әкімі қызметінен кетті

Ақтау қаласының жаңа әкімі тағайындалды
03.10.2022 | 12:03

Антикордың қызметкеріне қару кезенген полиция майоры ұсталды

Ішкі істер органының шенеунігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
03.10.2022 | 11:47

61 жаста: Президент сайлауына түсетін тағы бір үміткер белгілі болды

«Аманат» кәсіподақтар достастығы президент сайлауына өз кандидатын ұсынды
03.10.2022 | 11:22