×

Қазақстан ЕАЭО-да бағаның өсуі бойынша көш бастады

Ресейде бір жылда азық-түлік тауарлары мен алкогольсіз сусындар 22%-ға қымбаттаған

 Дәурен Ерболат 21.06.2022 | 13:38
Фото: vedomosti.ru/

Биыл мамырда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) бағаның өсу көрсеткіші бойынша көш бастады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2022 жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда тұтыну бағаларының индексі Қазақстанда – 101,4%, Беларусьте – 100,7%, Қырғызстанда – 100,3%, Армения мен Ресейде 100,1% болды, - деп жазылған хабарламада.

Бюро мәліметінше, биыл мамырда ЕАЭО-ға мүше елдерде жылдық инфляция Ресейде – 17,1%, Беларусьте – 17%, Қазақстанда және Қырғызстанда – 14%, Арменияда – 9% деңгейінде.

Тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар бір жылда Ресейде – 22%-ға, алкоголь мен темекі Беларусьте – 17%-ға, ал тұрғын үй шаруашылығы тарифтері 14%-ға қымбаттаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама