×

Ұлттық қордан алынатын трансферттер келесі жылы 2 есе азаймақ

Үкімет басшысы бюджет түсімдері өсіп жатқанын атап өтті

 Дәурен Ерболат 20.06.2022 | 11:31
Әлихан Смайылов, фото: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайылов алдағы жылы ұлттық қордан алынатын кепілдендірілген трансферттер 2 есе азаятынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысы алдымен елімізде өңдеу өнеркәсібі дамып жатқанын жеткізді.

«Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы маңызды. Ол 2013 жылдан бастап іске асырылып келеді. Осы уақыттың ішінде 1700-ға жуық жобалар іске асырылды, 150 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі 11%-дан 14%-ға ұлғайды. Жалпы өңдеу өнеркәсібінің өндірісі 6 есе өсіп, 17 тлрн теңге болды. Экспорт 1,7 есе өсті, осы салаға негізгі капиталға құйылатын инвестиция 4 есе өсті», - деді Әлихан Смайылов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінен бюджетке түсетін жалпы салықтық түсімдер 5 есе өсіп, 2 тлрн теңге болған.

Жалпы мемлекеттік бюджеттің түсімдері өсіп жатыр. Мысалы, республикалық бюджеттің түсімдері былтыр 12%-ға өссе, биыл 40%-ға өсті. Нәтижесінде біз келесі жылы Ұлттық қордан алатын кепілдендірілген трансферт 2 есе азайтамыз, - деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама