×

Президенттер пәрмені: павлодарлық жүк пойызы Тегераннан Түркияға жол тартты

Әрқайсысының салмағы 20 фут болатын 48 тіркеме бар

 Еркеғали Болатұлы 19.06.2022 | 21:10
фото: ашық дереккөз

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси Қазақстаннан Иран арқылы Түркияға баратын алғашқы контейнерлік пойызды жөнелту рәсіміне онлайн форматта қатысты.

«Павлодардан шыққан жүк пойызы Түрікменстан аумағы арқылы өтіп, бірнеше күннен кейін Тегеранға келді. Рәсім барысында мемлекеттер басшылары пойыздың ары қарай Түркияға жөнелтілуіне белгі берді», - деп хабарлады БОРТ 1 Telegram арнасы.

Қазақстан президенті екі ел Үкіметтерінің басшыларына және теміржол жетекшілеріне аталған жобаны әзірлеп, жүзеге асырғандары үшін ризашылығын білдірді.

«KTZ Express» компаниясы ұйымдастырған пилоттық контейнерлік пойыздың құрамында әрқайсысының салмағы 20 фут болатын 48 тіркеме бар. Пойыз 12 күнде 6 336 шақырым жолды басып өтеді.

Жүкті ауыстырып тиеуді қажет етпейтін жаңа трансұлттық қатынастың іске қосылуы балама бағдарларды әртараптандыруға және Қазақстан аумағы арқылы өтетін контейнерлік жүк тасымалын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама