33 мың доллар пара алған: Алматы облысында мемлекеттік мекеме басшысы сотталды

Қымбат Елтайқызы

Тағы бір жемқор шенеунік істі болды

фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында 33 500 доллар пара алған мемлекеттік мекеме басшысы сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков пен «АСПМК-519» ЖШС басшылығы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылды. Тергеу мәліметтері бойынша, басқарма басшысы 2021 жылы ЖШС техникалық директоры және бас директорынан 96 миллион теңгеге орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін жалпы сомасы 33 500 доллар көлемінде пара алған», – дейді антикор.

ЖШС басшылығы 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Ал Разбеков 100,2 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салына отырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Маңғыстауда ірі көлемде пара алған шенеунік сотталды. Оралда шенеуніктер пәтерлерді заңсыз беріп, кезекте тұрғандарды баспанадан айырған.