×

Қазақстан мен Жапония жасыл энергетика саласында ынтымақтастықты нығайтпақ

JBIC елімізде нақты жобаларды қаржыландыруға ниетті

 Дәурен Ерболат 22.02.2024 | 17:17
Фото: egemen.kz

Қазақстанның Жапониядағы елшісі Сабыр Есімбеков халықаралық ынтымақтастық банкінің (JBIC) атқарушы директоры Тацуши Аманомен кездесті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Кездесу барысында қос тарап жасыл энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады.

Сабыр Есімбеков JBIC-тің қолдауымен іске асырылуы мүмкін декарбонизация және жасыл энергетика саласындағы әлеуетті жобалармен таныстырды.

Тацуши Аманомен Жапония халықаралық ынтымақтастық банкінің жасыл энергетика саласындағы жобаларды қаржыландыруға бағытталған шаралары туралы айтты. Сондай-ақ ол банк Қазақстанмен ынтымақтастықты және нақты жобаларды іске асыруға ниетті екенін жеткізді.

Келіссөз нәтижесінде қос тарап өзара тиімді ықпалдастықты нығайту үшін тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға келісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама