Премьер-министр: Биыл инфляция 6-8% деңгейінде болуға тиіс

Дәурен Ерболат

Олжас Бектенов инфляция өсімін жіті бақылауды тапсырды

Олжас Бектенов, фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов министрлерге инфляция өсімін жіті бақылауды тапсырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Бағаның өсімін тежеу Үкімет үшін басым міндет болып қала береді. Серік Мақашұлы (премьер-министрдің орынбасары – Серік Жұманғарин), бұл мәселені күнделікті бақылауда ұстаңыз. Биыл біздің алдымызда инфляцияны 6-8% аралығында ұстау міндеті тұр.

Орталық және атқарушы органдар инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар сапалы орындау үшін барлық қажет шешімді қабылдауға, оның ішінде барлық жобаның іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Бұған дейін премьер-министр елімізде қосылған құн салығы (ҚҚС) өспейтінін айтты.