Олжас Бектенов инфляция өсімін жіті бақылауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов министрлерге инфляция өсімін жіті бақылауды тапсырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Бағаның өсімін тежеу Үкімет үшін басым міндет болып қала береді. Серік Мақашұлы (премьер-министрдің орынбасары – Серік Жұманғарин), бұл мәселені күнделікті бақылауда ұстаңыз. Биыл біздің алдымызда инфляцияны 6-8% аралығында ұстау міндеті тұр.
Орталық және атқарушы органдар инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар сапалы орындау үшін барлық қажет шешімді қабылдауға, оның ішінде барлық жобаның іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Бұған дейін премьер-министр елімізде қосылған құн салығы (ҚҚС) өспейтінін айтты.