×

Жаңа министр құрылыс қарқыны жоғары өңірлерді атады

Экономикалық өсім Астана және Павлодар, Қызылорда облыстарында байқалған

 Дәурен Ерболат 13.02.2024 | 10:38
фото: Halyq Uni

Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2024 жылдың қаңтарындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша есеп берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл қаңтарда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,9% болды. Оның ішінде нақты сектор – 3,8%, ал қызмет көрсету саласы 3,5% өскен. Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс (12,8%), көлік және қоймалау (11,4%), ақпарат және байланыс (10,6%), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі (6,9%) көрсетті, - деді Нұрлан Байбазаров.

Алдын ала нәтижеге сәйкес, 2023 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 3,2% өсіп, 140 млрд долларға жуықтады.

Экспорт 79 млрд долларға жуықтап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 25 млрд доллар болды. Тауарлар импорты 61 млрд доллардан асты. Жалпы оң сауда балансы – 18 млрд долларға жуық, - деді министр.

Вице-премьердің айтуынша, биыл қаңтарда 1 млн шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3% жоғары.

«Ең жоғары көрсеткіш Астана (өсім 67,8%) қаласында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (36,7%), Қызылорда (27,3%) және Жамбыл (16,6%) облыстарында тіркелді. 

Барлық 7 экономикалық көрсеткіш бойынша оң өсім үш өңірде – Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалды», - деді вице-премьер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама