×

Алматы облысында басқарма басшылығы 50 млн теңге жымқырған

Қомақты ақшаны бірнеше қызметкер бірлесіп «жеген»

 Қымбат Елтайқызы 26.05.2022 | 11:00
коллаж: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Алматы облысының антикоррупция қызметі қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экс-басшысы мен лауазымды тұлғаларға қатысты қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы «Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген 50 млн теңге бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді», – дейді антикор.

Олар бұл ақшаны ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізу арқылы жымқырған. Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Спорт нысандарының құрылысына бөлінген 400 млн теңгеден астам қаржы діттеген жеріне жетпеген. «Судың да сұрауы бар»: Astana LRT ісі бойынша айыпталған Қанат Сұлтанбеков мәлімдеме жасады. Антикор «қызметкері» Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен. Жыл басынан бері 600-ден астам шенеуніктің жемқорлық әрекеті әшкереленді. Жоғары шенді полицей қылмыстық істі тоқтатқаны үшін пара алған. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 40 млн теңге парамен ұсталды. Таразда сот төрағасы миллион теңге пара алды. Қызылорда облысында аудиторлардың жемқорлық әрекеті анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама