×

Қызылорда облысында аудиторлардың жемқорлық әрекеті әшкереленді

Олар жеңіл жолмен ақша тапқан

 Қымбат Елтайқызы 25.05.2022 | 17:00
фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүр еткен, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше рет пара алғаны үшін Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман - мемлекеттік аудиторына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аудиторлық тексеру кезінде аталған тұлғалардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не бағынысты мекеме есепшілеріне киілген киімдерді (пальто, күртеше, орамал) көтеріңкі бағамен өткізуді талап етіп, сатудан түскен 456 мың теңгені өз қалтасына алғандығы анықталды», – дейді антикор.

Антикор ішкі аудит қызметінің жымысқы әрекетін әшкереледі. Спорт нысандарының құрылысына бөлінген 400 млн теңгеден астам қаржы діттеген жеріне жетпеген. «Судың да сұрауы бар»: Astana LRT ісі бойынша айыпталған Қанат Сұлтанбеков мәлімдеме жасады. Антикор «қызметкері» Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен. Жыл басынан бері 600-ден астам шенеуніктің жемқорлық әрекеті анықталды. Жоғары шенді полицей қылмыстық істі тоқтатқаны үшін пара алған. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 40 млн теңге парамен ұсталды. Таразда сот төрағасы миллион теңге пара жымқырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама