×

Шетелдік тауарларды Қазақстанға жеткізу мерзімі екі айдан бір аптаға дейін қысқарады

Қазақстан электронды саудадан жыл сайын 100 млн доллар пайда таппақ

 Дәурен Ерболат 16.01.2024 | 12:56
көрнекі фото: Halyq Uni

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанға шетелдік тауарларды жеткізу мерзімі 2 айдан 7 күнге дейін қысқаратынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, электронды сауданы дамыту шарттарының бірі – қоймалық және логистикалық инфрақұрылымның болуы.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2024 жылдың соңына дейін трансшекаралық электронды сауданы ынталандыру үшін Қытай тарапымен бірлесіп Қазақстанда өңірлік қойма инфрақұрылымын құру мәселесін пысықтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Ақтөбе және Ақтау қалаларында фулфилмент орталықтары мен бонд қоймалары желісін дамыту жалғасады.

Бонд қоймаларын ашу Қытайдан Еуропаға және кері бағытта тауарларды одан әрі транзиттеу үшін ірі шетелдік маркетплейстердің тауарларын орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл шетелдік тауарларды қазақстандық сатып алушыларға жеткізу уақытын 60 күннен 7 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысында.

Министр осы бағытта халықаралық ұйымдар шеңберінде жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Электронды сату арқылы басқа елдермен тауар айналымын жыл сайын 100 млн доллардан асыруды көздеп отырмыз, - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама