×

Болгария Ресейдің орнына Қазақстан мұнайын сатып алады

РФ-ның шикізатына 1 наурыздан бастап тыйым салынады

 Дастан Жұмабекұлы 15.01.2024 | 11:41
Фото: inbox.lv

Биыл Болгария Ресейдің орнына Қазақстан мұнайын сатып алуға шешім қабылдады. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасаған ura.ru хабарлады.

Болгария қаңтар айынан бастап Ресей мұнайын Қазақстан, Тунис пен Ирактың өнімдері сорттарымен алмастырды. Бургас қаласындағы мұнай өңдеу зауытына аталған елдердің қара алтыны жеткізілді. Ресей мұнайына 1 наурыздан бастап тыйым салынады.

London Stock Exchange Group-тың (LSEG) хабарлауынша, жақында Болгарияға Қазақстанның екі партия мұнайы келген. Олардың әрқайсысы 70 мың тоннадан болды. Ирактан 76 мың тонна қара алтын келсе, Тунистен 33 мың тонна мұнай жетті, – делінген хабарламада.

Әзірше Болгария Бургастағы қуаты тәулігіне 190 мың баррельге жететін жалғыз мұнай өңдеу зауытын қамтамасыз ету үшін ғана Ресейден мұнай алып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама