×

Қазақстан «ақылды қала» салуды Қытайдан үйренбек

Қос тарап инновациялық сектордағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті

 Дәурен Ерболат 08.01.2024 | 18:08
Фото: ЦДИАӨМ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қытайдың «Жібек жолы» индустриялық интернетті жылжыту орталығы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

2023 жылғы 24-25 қарашада ЦДИАӨМ өкілдері Чжэцзян провинциясындағы Вэньчжоу қаласында өткен конференцияға қатысты. Оның аясында ЦДИАӨМ мен Жібек жолының өнеркәсіптік интернетін ілгерілету орталығы арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында қос тарап цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға, экономиканың инновациялық секторларындағы ынтымақтастықты қолдауға және дамытуға ниетті. Министрлік ғылыми-технологиялық платформаны пайдалана отырып, цифрлық трансформация және жаңғырту жолымен цифрлық («ақылды) қалаларды салуға мүдделі.  

Мұндай мегажоба Қазақстандағы ғылыми-зерттеу базасы мен техникалық құзыреттілік деңгейін дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашып, экономиканы дамытуға ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама