×

«Жайықмұнай» компаниясына 2 млрд теңге айыппұл салынды

Мемлекет кірісіне қомақты қаражат өндірілді

 Дәурен Ерболат 05.01.2024 | 12:40
Фото: Halyq Uni

«Жайықмұнай» ЖШС салық заңнамасын бұзды, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Тексеріс барысында прокурорлар аталған компанияның 38 млрд теңгеден асатын қаражатты өтелетін шығындарға негізсіз жатқызғанын анықтады. Салыққа қосымша есептеу жүргізіліп, мемлекет кірісіне 9,5 млрд теңге өндірілді.

Салық сомасын төмендеткені үшін «Жайықмұнай» ЖШС-ға 2 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Компания оны төледі. Нәтижесінде облыс прокуратурасы мемлекеттік бюджетті 11 млрд теңгеге толықтырды. Сонымен қатар компанияның 38 млрд теңгеден асатын шығынын бюджеттен негізсіз өтеуге жол бермеді, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ «Жайықмұнай» ЖШС-інде трансферттік баға белгілеу мәселесі бойынша тексеріс жүргізілді. Қосымша есептеуге жататын корпоративті табыс салығының мөлшері 725 млн теңге болды. Бүгінде бұл қаржы өтелу сатысында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама