×

Петропавлда бірегей өңдеу зауыты салынады

Ол әлемдегі бірегей кәсіпорын болмақ

 Дәурен Ерболат 28.12.2023 | 16:21
Фото: rail-news.kz

Петропавл қаласында жоңышқа мен зығыр сабан өңдейтін үш мақсатты зауыт салынады, деп хабарлады apk-news.kz.

Зауыт құрылысын Amandus Kahl неміс компаниясы қаржыландырады.

Қазір біз Петропавлда бірегей, әлемде бірінші зауыт салу сатысында тұрмыз. Өндіріс үш мақсатты болады. Оның екеуі өңдеу – жоңышқа түйіршіктеу және зығыр сабан түйіршіктеу. Енді бұл сабан бағалы биоотын болғандықтан, түйіршіктендіріліп, үгінділермен араластырылып, Еуропаға электр станцияларына жөнелтіледі. Бұл «жасыл экономика» жобасы саналады, - деді компания өкілі Нұрлан Дәулетбаев.

Зауыт жылына 60 мың тонна зығыр қалдығын өңдейді, ал жоңышқаны өңдеу үлесі – 25-30%. Себебі бұл дақыл жұмсақ. Компания өкілінің айтуынша, Қазақстанда жоңышқаны өңдеу және түйіршіктеу трендке айналып жатыр.

Мұның экспорттық әлеуеті өте жоғары. Осы бағытта Ақтөбе облысындағы кәсіпорындардың бірі табысты жұмыс істеп жатыр. Жоба 8 айда өзін-өзі ақтады. Олар 2 мың гектар алқапта суармалы жерге жоңышқа өсіреді. Олар бұл көлемнің басым бөлігін экспортқа шығарады. Сондай-ақ Алматы облысында клиенттердің өте үлкен пулы бар. Кәсіпорындардың бірі соя өңдеумен айналысады. Өндіріс өте тиімді, - деді Нұрлан Дәулетбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама