×

Қазақстанда алғашқы АЭС Балқашта салынуы мүмкін

Энергетика министрі Қазақстан АЭС қайда салынатынын айтты

 Ербол Тұрымбет 24.05.2022 | 14:20
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасы қай өңірде салынатыны жайлы сұраққа жауап берді. Министрдің айтуынша, АЭС қуаты шамамен 2,4 ГВт болады.

Оны орнату аумағына келсек, Балқаш таңдалатын шығар. Өйткені бұл аумақ баяғы кеңес заманынан бері жіті зерттелген. Дегенмен, нақты құрылыс аумағы мен технологиялары жөнінде бір тоқтамға келген жоқпыз, - деді Болат Ақшолақов.

Бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім әзірленгеніп, жоспар бойынша, 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд кВт сағатты құрайтынын айтқан.

Министрлік мәліметінше, қолданыстағы энергия көздері алдағы уақытта халық пен экономикамыздың қажеттілігін өтей алмайды. Оның орнын толтыру үшін 2035 жылға қарай төмен көміртекті генерация көздері, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану жөніндегі нысандар іске қосылуы қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама