×

2024 жылы Қазақстанда қанша тонна мұнай өндіріледі?

75 млн тоннасы экспортталады 

 Дәурен Ерболат 26.12.2023 | 15:53
фото: egemen.kz

Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов 2024 жылы елімізде қанша тонна мұнай өндірілетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл біз 95 млн тонна мұнай өндірімез деп жоспарладық. Алайда жоспардан тыс кідіріс болды. Бүгінде 90 млн тонна мұнай өндіреміз деп отырмыз. 2024 жылы да 90 млн тонна мұнай өндіруді көздейміз.

Дәстүрлі түрде 90 млн тонна мұнайдың шамамен 73-75 млн тоннасын экспортқа шығарамыз. Ішкі нарыққа 17-18 млн тонна мұнайды алып қаламыз», - деді Асхат Хасенов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама