×

Әлихан Смайылов мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуіне бақылауды күшейтуді талап етті

Алдағы жылдары ет, бидай, сүт және басқа да шикізатты өңдеу жобаларына басымдық беріледі

 Динара Амантай 22.12.2023 | 16:46
Фото: primeminister.kz

Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте АӨК-те қайта өңделген өнімдердің үлесін арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, алдағы жылдары ет, бидай, сүт және басқа да шикізатты өңдеу жобаларына басымдық беріледі. Атап айтқанда, АӨК саласындағы ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру бойынша СҚО-ның тәжірибесін басқа өңірлерге тарату жұмыстары жалғаспақ.

Премьер-министр мемлекет әрі қарай да ауыл шаруашылығын дамытуға кешенді қолдау көрсететінін атап өтті. Бұл ретте негізгі мақсаттардың қатарында сапалы азық-түлік өндірісін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру шаралары бар.

Бұл ретте Әлихан Смайылов мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуіне бақылауды күшейтуді талап етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама