×

Қай өңірлерде жаңа баспана арзандады?

Бағаның төмендеуі соңғы 7 жылда болмаған

 Дәурен Ерболат 12.12.2023 | 09:10
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда жаңа салынған тұрғын үйдің бағасы төмендеді, деп хабарлады Бірінші несие бюросы.

Биыл қарашада жаңа пайдалануға берілген пәтердің 1 шаршы метрі 491 985 теңге болды. Бұл – қазанмен салыстырғанда 0,7% төмен көрсеткіш.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, баспананың арзандауы соңғы 7 жылда болмаған.

Пәтердің арзандауы Алматы (1,6%), Ақтөбе (2,8%) және Шымкент (3,4%) қалаларында тіркелді. Алайда тұрғын үйді жалға алу қымбаттаған. Жалпы Қазақстан бойынша көрсеткіш – 4 828 теңге. Бұл көрсеткіш – өткен аймен салыстырғанда 0,2% жоғары. Пәтерді жалға беру көрсеткіші бойынша ең қымбат қала – Алматы (1 шаршы метрі – 5470 теңге), – деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама