×

Қазақстан мұнай өндіруді 56%-ға қысқартты

Ірі мұнай-газ кен орындары өндірісті қысқартуға мәжбүр болды

 Дәурен Ерболат 28.11.2023 | 16:50
Фото: azh.kz

Бүгінде еліміз мұнай өндіруді 56%-ға қысқартты. Бұл туралы Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір Қазақстанның ірі мұнай-газ кен орындарында («Теңізшевройл», NCOC, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг») мұнай өндіру 56%-ға төмендеді. Энергетика министрлігінде мұнай өндірудің қашан қалыпқа келетіні туралы әзірше мәлімет жоқ, - деді Шыңғыс Ілиясов журналистерге.

Оның айтуынша, Қазақстанда қалыпты жағдайда тәулігіне 172 мың тонна мұнай өндіріледі.

Ауа райының қолайсыздығына және Каспий құбыр консорциумы мұнайды қабылдауды шектеуіне байланысты Теңіз кен орнында тәулігіне мұнай өндіру 39 мың тоннаға дейін төмендеді, - деді министрдің кеңесшісі. 

Бұған дейінгі көрсеткіш тәулігіне 84 мың тонна болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама