×

Жыл басынан бері Қазақстаннан Германияға қанша тонна мұнай экспортталды

Шикізат Ресей аумағы арқылы жеткізілген

 Дәурен Ерболат 16.11.2023 | 10:31
көрнекі фото: kmg.kz

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың 10 айда Германияға Қазақстаннан қанша тонна мұнай жеткізілгеніне қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шикізат «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай тапсыру бекетіне қарай жеткізілді. Осылайша, биыл 10 айда «ҚазТрансОйл» Германияға 690 мың тонна Қазақстан мұнайын тасымалдады, - деп жазылған компания таратқан хабарламада.

Биыл қарашада «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда аталған компания Германияға 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын тасымалдауға өтінім жіберген.

Мұнай транзиті Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама