×

5 мыңнан аса алматылық банкроттыққа өтінім берген

550 адамның төлем қабілеті жоқ екені расталды

 Дәурен Ерболат 24.10.2023 | 16:57
Фото: Halyq Uni

Алматыда банкроттық рәсіміне жеке тұлғалардан 5,7 мың өтінім түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

МКК Алматы қаласы бойынша департаменті берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Бұдығұловтың айтуынша, түскен өтінімдердің басым бөлігі қаралған.

Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңды іске асыру аясында биыл 3 наурыздан бастап 23 қазанға дейін банкроттық рәсіміне алматылықтардан 5 730 өтініш түсті. Оның 5 603-і (97,8%) қаралды, - деді ол өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Басқарма басшысы өтінім берген 527 адамға соттан тыс банкроттық рәсімі басталғанын атап өтті.

Бұл келіп түскен өтініштердің – 9,2%-ы. 4 526 өтініш бойынша алматылықтар соттан тыс банкроттықты бермеу туралы хабарлама алды. 550 адам банкрот деп танылды. Бұл – түскен өтініштердің 9,6%-ы. 127 өтінішке (бұл барлық келіп түскен өтініштің – 2,2%-ы) тексеру жүргізіледі, - деді Айдос Бұдығұлов.

Бүгінде сот банкроттығына қатысты 32 өтініш түсіп, іс қозғалған.

Оның ішінде 24 адамға банкроттық бойынша азаматтық іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылып, қаржы басқарушылары тағайындалды. Істер сотта қаралып жатыр. 8 адамға сот банкроттығы қолданылды, - деді басшы.

Бұған дейін 1,7 млн қазақстандықтың несиесін төлей алмай жүргені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама