×

Қырғыз-қазақ шекарасында жүк көліктері тағы қаңтарылып тұр

Мәселе маусымдық сипатқа ие

 Дәурен Ерболат 23.10.2023 | 14:10
Фото: Қырғызстан МҰҚК

Бүгін қырғыз-қазақ шекарасындағы «Ақ тілек – автожол» бақылау-өткізу бекетінде 400-ден аса жүк көлігі кезек күтіп тұр, деп хабарлады Қырғызстанның МҰҚК Шекара қызметі.

2023 жылғы 23 қазанда сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша «Ақ тілек – автожол» бақылау өткізу бекетінде 410 жүк көлігі бөгеліп тұр.

Соңғы тәулікте аталған өткізу пункті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға Кант-цемент зауытының өнімдері бар жеңіл автомобильдер мен жүк көліктерін есептемегенде, 297 жүк көлігі шықты. Алайда өткізу қабілетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан бақылау-өткізу бекетінде көліктер кезек күтіп тұруға мәжбүр.

Жүк көліктерінің кептелісі маусымдық болып саналады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар экспортының ұлғаюымен байланысты. Қырғызстан мен Қазақстанның шекара қызметтері тарапынан жүк көліктері үшін шектеу жоқ. Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, - деп жазылған қырғыз тарапы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай биыл тамыздың соңында да болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама