×

Вице-министр ұнның неге қымбаттағанын түсіндіре алмады

Сауда комитетінің төрағасы Қазақстанда ұн бағасы 50%-ға өскенін растаған

 Дәурен Ерболат 19.10.2023 | 13:27
Қайрат Төребаев, фото: Halyq Uni

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстандағы ұн бағасы неге өсіп жатқанын түсіндіре алмады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сіз ішкі саудаға қатысты сұрақ қойып тұрсыз. Қазақстанда нарықтық экономика. Экспорттаушылар мен өндірушілердің біәрі өнімді экспорттау немесе елдің ішінде сату туралы шешімді өздері қабылдайды. Сұрағыңызға жазбаша түрде жауап берейік, - деді вице-министр Сенаттың жалпы отырысынан.

Қайрат Төребаев Қазақстандағы нан бағасы Өзбекстанмен салыстырғанда неге 100 теңгеге қымбат екеніне нақты жауап бере алмады.

«Біріншіден, мұнда электр энергиясын, салық және өзге де шығындарды есептеу керек. Өзбек наубайханалары мен қазақстандық наубайханаларының шығындарын қарау керек. Екіншіден, (нанның) сапасын салыстыру керек. Яғни, Қазақстан мен Өзбекстандағы нанның сапасын айтамын.

Сіз бізге нақты статистиканы көрсетіңіз. Қандай нан қай жерде неше теңгеге сатылып жатқанын айтыңыз. Біз деректерді салыстырайық», - деді Қайрат Төребаев.

Айта кетейік, биыл 27 қыркүйекте Сауда комитеті төрағасы Айдар Әбілдабеков Қазақстанда ұн бағасы 50%-ға дейін қымбаттағанын растады.

2-3 аптадан бері жаңбыр жауып жатыр, бидай кеппей жатыр. Ылғалдылық болған соң ұн бағасы өсе бастады...

Бүгінде 13 өңірде ұнның 50%-ға дейін қымбаттағаны рас, - деген еді төраға Астанада өткен брифингте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама