×

Премьер-министрге Ұлттық банк төрағасы орынбасарының баяндамасы ұнамай қалды

Әлихан Смайылов инфляцияның бәсеңдеуіне үкімет те үлес қосып жатқанын айтты

 Дәурен Ерболат 10.10.2023 | 10:38
фото: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловқа ескерту жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары 2023 жылдың қаңтар – қыркүйек аралығындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді.

Берік Шолпанқұлов елімізде инфляция бәсеңдегенін атап өтті.

«Қыркүйекте инфляция жылдық көрсеткішінің бәсеңдеуі жалғасты. Инфляциялық процестердің жалпы позитивті динамикасын ескеріп, Ұлттық банк базалық ставканы 16 пайызға дейін – 0,5 тармаққа төмендету турады шешім қабылдады. Қыркүйектің қорытындысы бойынша Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді.

Жылдық инфляция 7 ай қатарынан төмендеп келеді. Оның бүгінгі деңгейі – 11,8%. Жылдық инфляция ақша-кредит саясаты жағдайлары мен 2022 жылғы жоғары базаның аяқталуы, жаһандық инфляциялық қысым мен өндіріс шығындарының төмендеуі аясында баяулады.

Инфляция құрылымында барлық компоненттің өсу қарқыны баяулады. Айлық инфляция да 0,6%-ке дейін бәсеңдеді. Алайда, айлық инфляцияның өсу қарқыны әлі де орташа мәннен айтарлықтай жоғары деңгейде қалыптасып келеді», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Әлихан Смайылов инфляцияның бәсеңдеуіне үкімет те үлес қосып жатқанын айтты.

Сіз инфляцияның баяулауын өткен жылдың жоғары базасымен байланыстып отырсыз. Бұл дұрыс емес. Инфляцияның айтарлықтай баяулауы Үкіметтің инфляцияға қарсы кешенді жұмысының арқасында мүмкін болды, - деді Әлихан Смайылов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама