×

Ауыл тұрғындарына 7,5 мыңға жуық шағын несие берілді

Ауыл Аманаты» жобалық кеңесінің кезекті отырысы өтті

 Динара Амантай 16.09.2023 | 15:01
Фото: Halyq Uni

«Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарына жылдық 2,5%-бен 5-7 жыл мерзімге шағын несие беріледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жобаның орындалу барысы Үкімет аппараты жанындағы «Ауыл Аманаты» жобалық кеңесінің кезекті отырысында талқыланды. Жиынға премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өңірлердегі жобасының іске асырылу барысы және жергілікті атқарушы органдардың бөлінген несиелік ресурстарды игерілуі туралы есептері тыңдалды.

Осы жылдың 13 қыркүйегінде 1 мың 388 ауылдық округті қамтитын 42 млрд теңгеге 7 мың 429 шағын несие берілді. Оның 85%-ы мал шаруашылығы саласына (35,8 млрд теңге), 7%-ы өсімдік шаруашылығына (2,8 млрд теңге), 5%-ы кооперативтер үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға және 2,6%-ы басқа бағыттарға (1,1 млрд теңге) берілген.

Жиын қорытындысына сәйкес премьер-министрдің орынбасары жауапты мемлекеттік органдар мен өңірлерге облыс, аудан, ауылдық округ деңгейінде жобалық кеңселер құру, цифрлық платформаны әзірлеу процесін жеделдету жөнінде тапсырмалар берді.

Барлық деңгейдегі әкімдіктерге жыл соңына дейін ауылдық округтерге скрининг жүргізу, олардың экономикалық мамандануын айқындау, сондай-ақ ауылдық кооперативтер құру жұмысын жандандыру тапсырылды.

Сондай-ақ Жамбыл және Ақтөбе облыстарының оң тәжірибесі ұсынылды. Онда жобаны іске қосу алгоритмінен бастап, ауылдық округтерге скрининг жүргізу, ауыл шаруашылығы кооперациясын құру, дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу тізбегін ұйымдастыру үдерісін реттей алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама