×

Елімізде тозған құбырлар инновациялық әдіс арқылы жаңартылмақ

Олардың көпшілігі өткен ғасырда пайдалануға берілген

 Дәурен Ерболат 01.09.2023 | 17:25
Фото: newsib.net

Қазақстанда тозған құбырларды инновациялық әдіс арқылы жаңарту ұсынылады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қазақстанның ТШК орталығы тозған құбырларды инновациялық әдіс арқылы жаңартуды ұсынып отыр.

Елімізде шамамен 14 мың шақырым жылумен жабдықтау желісі бар. Олардың орташа тозуы – 54%. Құбырлардың басым бөлігі 1950-70 жылдары пайдалануға берілген.

Құбырларды қалпына келтіру жөніндегі жобаларды уақтылы іске асыру үшін «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ прогрессивті технологияны қолдану идеясын қолдайды. Мұндай инновациялық әдістің бірі – құбырларды траншеясыз санациялау.

Орталық мамандарының пікірінше, мұндай технологияның болашағы зор. Оның артықшылығы – жерді қазбай, коммуникация жұмысын тоқтатпай, қолданыстағы желіге жаңа құбыр тартуда. Бұл апат қаупін тудырмауға, қаржыны үнемдеуге және қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама