×

Қазақстанға рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тағы да тыйым салынбақ

Мұндай көліктерді әкелуге тыйым 2006 жылы енгізілген

 Еркеғали Болатұлы 29.08.2023 | 14:14
фото: Halyq Uni

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Оң рөлді көліктер мен олардың корпусының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын дайындады.

Бұл жобада Қазақстанға 6 ай мерзімге рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салуды енгізу қарастырылған.

Белгіленген тыйымның орындалуын бақылау Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҰҚК Шекара қызметінің бірлесуімен қамтамасыз етіледі.

Жоба 2023 жылғы 13 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін бұл көліктерді әкелуге тыйым 2006 жылы енгізілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама