×

Қазақстан экономикасына, мұнай бағасына, инфляцияға болжам жасалды

Экономикалық дамудың 3 сценарийі болады

 Дәурен Ерболат 29.08.2023 | 10:38
фото: Halyq Uni

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2024–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында 2024–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы және «Қазақстанның Ұлттық қорынан 2024–2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы қаралды.

Болжам халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі бойынша, сыртқы нарықтардағы конъюнктураны ескеріп жасалған.

ХҚҰ болжамына сәйкес, әлемдік экономика 2024 жылы 3% деңгейінде өседі. Консенсус-болжамға сәйкес, 2024 жылы мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 80 доллар болады.

«Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты дамудың 3 сценарийі қаралды. Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасын барреліне 80 доллар деңгейінде алу ұсынылады. Болжам бойынша 5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі – 5,8%.

Инфляция 2024 жылы 6-8%, 2025 жылы 5,5-7,5% деңгейінде айқындалды, 2026–2028 жылдары 5%-ке дейін төмендейді.

2024 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,3%, кейін 2028 жылы 6%-ке дейін өседі. Номиналды ЖІӨ 2024 жылғы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі», - деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, экономиканың барлық базалық саласында өсім болады деген болжам бар.

Мәселен, өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны 4%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 4,9%, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 3,1% болады, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама