×

600 мың теңгеге дейін: жекеменшік мектептегі мұғалімдер қанша жалақы алады?

Мұғалімдердің орташа жалақысы 247 мың теңге

 Бауыржан Мұқанов 24.08.2023 | 15:22
Фото: Halyq Uni

Жекеменшік мектептер мен қосымша білім беру орталықтарында мұғалімдерге деген сұраныс жоғары. Атап айтқанда, мұндай мекемелер негізінен ағылшын тілі, бағдарламалау және шығармашылық пән оқытушыларын көп іздейді. Бұл туралы HeadHunter Kazakhstan компаниясының арнайы талдауында айтылған.

Қазақстанда 2023 жылдың тамыз айында «Ғылым және білім беру» саласы бойынша бос жұмыс орындарының саны былтырғымен салыстырғанда 46%, ал белсенді түйіндемелердің саны 4 есе көбейді. Сонда да кадр тапшылығы шешілмей отыр. Әсіресе, облыс орталықтарынан шалғай елді-мекендерде жағдай ушығып тұр. Педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілер саны артып келе жатқанымен, ұстаздық қызметке бәрі бірдей бара бермейді. Мамандардың көбі жалақыны азсынады, - деп жазады компания сарапшылары.  

2023 жылы Қазақстандағы мұғалімдердің және жеке репетиторларға ұсынылатын орташа жалақы 247 мың теңге болды, бұл былтырғыдан 12% көп. Ең жоғары жалақы Алматы және Астана қалаларында жоғары оқу орындарының оқытушыларында (орта есеппен 1,7 млн теңге), жеке меншік мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдері (орта есеппен 600 мың теңге) және шет тілі мұғалімдері (орта есеппен 500 мың теңге).

Қазіргі уақытта Қазақстандағы ең еліктіретін бос орын – Алматыдағы оқу кешенінде ағылшын тілін білетін мектепке дейінгі тәрбиеші лауазымы, оларға мекемелері айына 850 мың теңгеге дейін төлеуге дайын. Қойылатын талаптар да өзекті – педагогикалық білімнің болуы, жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы, ағылшын және қазақ тілдерін білу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама