×

Бакнинь провинциясы мен Қазақстан өңірлерінің бірі арасында бауырластық қатынас орнатылмақ

Екі ел арасындағы байланыстарды дамыту перспективалары талқыланды

 Динара Амантай 22.08.2023 | 14:16
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Провинциялық комитеттің хатшысы, Ұлттық жиналыстағы Бакнинь провинциясы депутаттары делегациясының басшысы Нгуен Ань Туанмен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Вьетнамның өңірлері арасындағы байланыстарды дамыту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Вьетнамның және бүкіл Оңтүстік Шығыс Азияның интеллектуалдық-өндірістік хабы саналатын Бакнинь провинциясымен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін атап өтті.

Президент өңіраралық жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Бакнинь провинциясы мен Қазақстан өңірлерінің бірі арасында бауырластық қатынас орнатуды ұсынды.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында инвестиция тарту, инновацияны дамыту, арнаулы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыстары, аса маңызды шикізат материалдары мен жартылай өткізгіштерді өндіру мәселелері қарастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама