×

Жеңілдетілген автонесие қашан берілетіні айтылды

ИИДМ басшысы көлік қатты қымбаттамайды деп уәде етті

 Ербол Тұрымбет 04.05.2022 | 12:30
коллаж: Halyq Uni

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қазір көліктің қымбаттағаны байқалады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Көлік шығаратын өндіріс зауыттары сіздердің алдарыңызға шығып, бағаның өзгеру-өзгермеуіне қатысты түгел ұсынысын айтты. Керек болса, тағы да шығарып берейін. Бірақ біз бағдарлама бойынша шектеу қойдық. Көлікті 10 миллион теңгеге дейін 4 пайызбен береміз. Құны 15 млн теңгеден аспауы керек. Өйткені мүлде қымбат көлікті сатып алатын адам болса, оны жағдайы бар адам деп санауға болады. Сол себепті қатты өзгермейді деп отырмын. Халыққа лайықты да қолжетімді болады деп отырмыз, – деді министр.

Оның дерегінше, былтыр елімізде 118 мың жаңа көлік сатылса, соның 65 пайызы, яғни шамамен 80 мыңы – отандық өндірушілердікі. Биыл оны 110 мыңға дейін жеткізбек. Осы 4 ай ішінде 30 мыңы шықты, былтыр 22 мың еді.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, қабылдаған бағдарламаға міндетті екі талап қойылған. Біріншісі, міндетті түрде онлайн кезек болуы керек, екіншісі, бір кісіге екі жылға дейін қайта несие берілмейді.

Ал бағдарламаның басталу уақыты әлі белгісіз. Экология министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, 6-шы мамырда барлық корпоративтік процедура бітіп, тиісті қаржы өндірісті дамыту қорына аударылуы қажет. Одан әрі қор екінші деңгейлі банктерге аударады. Кредит беру содан кейін басталады.

Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасын қайта іске қосу жоспарланып отыр. Елімізде 4 пайызбен несиеге қандай көлік алуға болады. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы сәуірдің соңында әзірленіп бітеді. Жеңілдетілген автокредит тәртібі бекітілді: 10 млн теңгеден жоғары көлікті алуға бола ма?

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43

«Күйеуге шығып, борщ дайындау керек». Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынады

Өзі біз шұғыл жиналыс жасап, не істерімізді білмей жатқан кезде отельде қыдырып жүрген, - дейді
26.03.2023 | 09:30