×

Қазақстанда 4 пайызбен несиеге қандай көлік алуға болады

Жеңілдетілген автонесие үшін 10 млн теңге шекті баға белгіленбек

 Айнұр Шошаева 11.02.2022 | 12:50
коллаж: Halyq Uni

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 4 пайызбен несиеге қандай көлік алуға болатынын айтты. Бұл туралы Kolesa.kz сайтында жарияланды.

Министрлік 2027 жылға дейін жеңілдетілген автонесиеге 250 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. 

Бұл мақсатқа ел бюджетінен 150 млрд, ал «ӨКМ Операторы» ЖШС утилалым төлемінен 100 млрд теңге жұмсалады. 2022 жылы бюджет тарапынан бастапқыда 30 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Келесі жылы 45, ал 2024 жылы 50 миллиард беріледі, – делінген ақпаратта.

Бұнымен бірге «ӨКМ Операторы» қаржысына байланысты мәселе әлі шешіліп жатқаны белгілі болды. Үкімет утилалым төлемінен ақша бөлу идеясын қолдағанда, 100 миллиард теңге халықтың осал топтары үшін бастапқы жарнасыз несиеге бөлінеді деп жоспарланған. Көлік құны 10 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Сондай-ақ 4 пайыз автонесие үшін де осындай 10 млн теңге шекті бағаны белгілеу жоспарланып отыр. Бағасы қымбат көлік сатып алғысы келгендерге айырмашылықты өз қалтасынан төлеуге тура келеді. Ал банктер тұтынушылардан бастапқы жарнаны талап ету немесе талап етпеу мәселесін өздері шешеді. 

Қазір 15 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген автонесиеге кезекте тұр. Қазақтандықтар 4 пайызбен несиеге Chevrolet, Kia, Lada, Renault, Uaz маркалы көліктерді ала алады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама