×

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы сәуірдің соңында әзірленіп бітеді

Сол уақытта барлық рәсім аяқталады

 Қымбат Елтайқызы 17.03.2022 | 09:30
коллаж: Halyq Uni

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстан азаматтарының жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеп жатыр.

Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені және Қазақстан аймақтарында автобустарды жаңарту сомасы шамамен 30 млрд теңгені құрайды, – дейді ИИДМ.

Отандық техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімді аяқтау жоспарланып отыр. Мәселен, халық үшін сатып алу шарттары 0%-дан бастап бастапқы жарна, несие мерзімі 7 жылға дейін, сатып алушы үшін 1 автокөлік үшін несиенің максималды сомасы 10 000 000 теңгеден аспайды.

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қайта іске қосу жоспарланып отыр. 4 пайызбен несиеге қандай көлік алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама