×

Елге тағы 11 мыңнан астам электромобилді жеңілдікпен әкелуге мүмкіндік бар

Жыл соңына дейін 15 мың электромобиль әкелуге рұқсат берілген

 Еркеғали Болатұлы 29.07.2023 | 11:15
фото: ru.fanoftech.com

Жыл соңына дейін 11 мыңнан астам электромобилді кедендік баждар мен салықтарды төлеместен әкелуге болады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен 2022 және 2023 жылдары электромобилдерді бажсыз әкелу мүмкіндігі берілген.

ЕЭК шешіміне сәйкес, 2023 жылы 15 мың электромобилді жеңілдікпен әкелуге рұқсат берілді. Жыл басынан бері елге 3 442 электромобиль жеткізілген. Яғни, 2023 жылдың соңына дейін әлі 11 558 көлікті кедендік баждар мен салықтарды төлеместен әкелуге мүмкіндік бар.

Қазір Қырғыз Республикасының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бажсыз әкелу мүмкіндігін 2025 жылға дейін ұзарту туралы мәселе қаралып жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Алайда жоғарыда аталған үлес шеңберінде кедендік баж салығын төлеуден босатып, бірақ ҚҚС төлей отырып, электромобилді әкелудің басқа мүмкіндігі бар екенін ескеру маңызды. Бұл жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымының ставкалары бойынша тауарларға декларация тапсыру қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама