×

Мұнай өңдеу зауыттары неге жиі тоқтай береді: ҚМГ зауыттардың қалай жөнделетінін түсіндірді

Зауыттар үшжылдық жоспарлы жөндеу бағдарламасына көшу керек

 Ербол Тұрымбет 18.07.2023 | 16:03
Фото: ҚМГ баспасөз қызметі

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеевтің айтуынша, істеп тұрған кәсіпорындар жаңартылады. Яғни, олар қосымша технологиялық процестермен күшейттік. Сол жаңа технологиялық процестер 3 жылдық кезеңге лайықталған.

Мәселе, зауыттың ескі бөлігіне қатысты болып тұр. Зауыт бөлік-бөлікпен жұмыс істей алмайды. Бір технологиялық процестің өнімі екінші процеске шикізат болады. Осылай тізбекпен жұмыс істейді. Егер бір жерде тоқтап қалса, онда ол бүкіл тізбекке әсер етеді, – дейді ол.

Мәселен, оның айтуынша, қазір сол ескі бөлігі ретке келтіріліп жатыр. Бірақ, бұл жерде халықаралық тәжірибе бойынша екі жолы бар. Біріншісі, кәсіпорын жұмысын жарты жылға тоқтату, сөйтіп, түгел техникалық жарақтап шығу. Бірақ олай істеуге болмайды. Сондықтан қолданылу мерзімі бітіп жатқан қондырғыларды алмастыру сол жоспарлық тоқтатулар кезінде жүргізіліп отырады.

Үшжылдық жөндеу жұмыстары бағдарламасы шамамен 4 жылға арналған. Алайда, әр МӨЗ-дегі қондырғылардың техникалық жағдайы әр түрлі.

Жұмыстың ең көбі Атырау зауытына тиесілі. Өйткені, ол елдегі ең үлкен зауыт. Ал Шымкенттегі зауыт әлдақайда жас әрі шағын. Ол үшжылдық жөндеу жоспарының бірқатар параметріне жетіп қойды. Оған мысал, 2018-2021 жылдар аралығында бір де бір рет тоқтаған жоқ, – дейді Дмитрий Макеев.

Оның айтуынша, Шымкенттегі зауыт алдағы екі жылда үшжылдық жөндеу жоспары бағдарламасына толық көшіп болады. Ал Атырау мен Павлодардағы зауыттар 2027 жылға қарай толық өтеді.

Айта кетейік, ҚМГ өкілдерінің мәліметінше, қазір елде жанар-жағармай қоры жеткілікті. Мәселен, АИ-92 маркалы бензин бойынша – 280 мың тонна, ол 24 тәулікке жетеді. Оның ішінде АИ-95 маркалысы 50 мың тонна, 19 күнді қамтиды.

Дизель отыны – 433 мың тонна, 26 күнге жетеді. Авиация керосинінен шамамен 42 күндік 80 мың тоннасы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама