×

Қазақстандықтар ақшасын доллармен сақтағанды жөн көреді

Жинаған қаражатын теңге және рубльмен сақтайтындардың үлесі азайған

 Дәурен Ерболат 12.07.2023 | 16:08
Фото: Halyq Uni

Елімізде тұрғындар ақшасын депозитте сақтағаннан гөрі доллармен үйде сақтағанды жөн көреді, деп хабарлады Telegram-дағы Data Hub арнасы.

Маусымда жинақты сақтау тәсілін таңдаған кезде банк депозитін қалайтын респонденттердің үлесі 48,9% болды. Бұл – мамырмен салыстырғанда 11,1 пайыздық тармаққа аз. Бұл 2016 жылдың басынан бергі ең төменгі көрсеткіш болып саналады.

Жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің рекордтық деңгейге дейін өсуі аясында мұндай көріністің байқалуы негізінен қызық.

Респонденттердің 40%-ы ақшасын қолма-қол сақтайтынын айтады.

Сондай-ақ бұл көрсеткіш бір айда 6,1 пайыздық тармаққа артқан. Сондай-ақ қолма-қол жинаған ақшасын доллармен сақтайтындардың үлесі (1,9 пайыздық тармаққа, 30,9%-ға дейін) көбейген.

Теңге және рубльмен сақтау тиісінше 3,5 пайыздық тармаққа, 74,2%-ға және 3,4 пайыздық тармаққа, 2,5%-ға дейін төмендеді. Бұл жинаған ақшасы бар респонденттерге қатысты. Респонденттердің жалпы санындағы олардың үлесі – 18,9%.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама