Шетелден елге капиталды қайтару бойынша кезекті отырыс өтті

Халық үні

Бұл президенттің тікелей тапсырмасы екені белгілі

коллаж: Halyq Uni

Әлихан Смайылов Шетелден елге капиталды қайтаруды ынталандыру тетіктерін әзірлеу және елден ақшалай қаражаттың жылыстауына қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Отырыста ақшалай қаражаттың жылыстауы, шетелге шығарылған капитал көлемін анықтау, оларды қайтару бойынша ынталандыру шараларын әзірлеу, салықтық әкімшілендіру шараларын күшейту, заңнамаға шектеу шаралары мен санкциялар енгізу әрі қылмыстық қудалау аясында шығарылған капиталды қайтару жөніндегі заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша жұмыс топтарының ұсыныстары талқыланды, – дейді үкімет.

Комиссия аясында бес жұмыс тобы жасақталды. Топтар құрамына ұлттық банк, ұлттық экономика министрлігі, әділет министрлігі, қаржы министрлігі, бас прокуратура кіреді.

Қаржының офшорларға кетуіне жол бермейміз - Тоқаев. Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған ақшаны екі ай ішінде елге қайтаруды тапсырды. Елімізден 100 млрд доллар капитал заңсыз шығарылған. Шетелге жылыстатылған 2 млрд долларға қатысты тергеу жүріп жатыр – Жамаубаев.