×

Еліміздегі екінші деңгейлі 21 банктің 9-ы жабылу алдында тұр

Агенттік олардың басшы лауазымына тағайындалмақ болған 13 үміткердің кандидатурасына келіспеді

 Еркеғали Болатұлы 05.07.2023 | 17:33
фото: ашық дереккөз

Елімізде екінші деңгейлі 9 банк жабылуы мүмкін. Бұл туралы Реттеу саясатының консультативтік құжат жобасында жазылған.

Мәселені қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ашық НҚА порталында талқыға шығарып отыр.

Қазір Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Оның тоғызын жабу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Былтыр агенттік екінші деңгейлі банктің басшы лауазымына тағайындалмақ болған 13 үміткердің кандидатурасына келісуден бас тартты, - делінген құжатта.

Бүгінде бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді. 2022 жылы агенттік осындай ұйымдардың басшысы лауазымына ұсынылған 10 кандидатты келісуден бас тартқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама