Halyq Uni логотип
×

Базалық мөлшерлеменің көтерілуі экономикаға қауіп төндірмейді – Ұлттық банк

Жақында Ұлттық банк базалық ставканы 14%-ға көтерген еді

 Қымбат Елтайқызы 27.04.2022 | 14:30
Базалық мөлшерлеменің көтерілуі экономикаға қауіп төндірмейді – Ұлттық банк
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаудағы факторлар туралы мәлімдеме жасады.

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті осы жылғы 25 сәуірде базалық мөлшерлемені + / - 1,00 п. т. пайыздық дәлізімен жылдық 14% деңгейінде белгілеу жайлы шешім қабылдады. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, қазіргі жағдайда инфляцияның өсу үрдісін кері қайтару үшін базалық мөлшерлемені арттыру қажет. Бұл ретте базалық мөлшерлеменің деңгейіне қатысты шешім теңдестірілген және бұл шешім оның экономикалық белсенділікке әсерін ескере отырып қабылданады.

Біз бұдан несиелеуге және экономикалық өсуге айтарлықтай қауіп төндірмейтінін көріп отырмыз. Бірақ инфляцияны бақылау үшін аса маңызды. Белгіленген базалық мөлшерлеменің деңгейіне қатысты айтсақ, қазір оңтайлы шешім болғаны сөзсіз және бүгінгі қалыптасқан жағдайға толықтай сәйкес келеді.  Жұмсартылған ақша-кредит саясаты бір мезеттік күмәнді пайдаға кенелтуі мүмкін. Бірақ ұзақ мерзімді перспективада оның салдары қайтарымсыз болады, – деді Пірматов Ұлттық банктің баспасөз-брифингі кезінде.

Брифингте айтылған мәліметтерге сәйкес, несиелендіру көлемінің өсуіне қарап экономикалық белсенділікті бағалауға болады. Мәселен, бірінші тоқсанда экономикаға берілген жаңа кредиттер көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға ұлғайды, оның ішінде бизнеске – 19,6%, халыққа – 32,5%.

«Дегенмен 2022 жылғы наурыз қорытындысы көрсеткендей, белгісіздік белең алып, несие беру шарттары өзгеріп жатқан жағдайда мөлшерлеменің көтерілгені кредиттеу үшін тежеуші фактор болмайды», - деді ол.

Базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған бұл шешім теңгедегі активтер тартымдылығын арттырады. Бұл өз кезегінде халық райын тұтынушыдан жинақтауға қайта теңдестіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар инфляциялық күтулер траекториясын, инфляция бойынша жаңартылған болжамдарды, жиынтық сұраныс пен импортты, сондай-ақ басқа да қосымша инфляциялық шоктардың пайда болу тәуекелін ескеріп, ақша-кредит шарттарын одан әрі күшейту үшін де сақталған кеңістік бар, - деп түйіндеді Ғалымжан Пірматов.

Ал бүгін депутат Аманжан Жамалов Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені кезекті рет көтеру туралы шешімін сынап, «бұл – халықты тонау» деді.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейіне көтерді. Ұлттық банк базалық ставканы 13,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк базалық ставканы 13,5% деңгейінде қалдырды. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді

Серіктес жаңалықтары

Сараптама