×

Ұлттық банк базалық ставканы 13,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады

Осыдан тура бір ай бұрын Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейінде белгілеген 

 Айнұр Шошаева 24.02.2022 | 12:03
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық ставканы +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді.

Еске салайық, 24 қаңтарда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 9,25% болады.

Қазақстанда 2021 жылғы желтоқсанда жылдық инфляция 8,4%-ға дейін төмендеді. Инфляцияға қарсы ден қою шараларын іске асыру жағдайында бағаның айлық өсу қарқыны 2021 жылғы қараша-желтоқсанда орташа деңгейден төмен болды.

Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне байланысты теңгенің долларға қатысты бағамы шарықтады. Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгінгі сауда-саттықты екінші рет кейінге шегерді.

Ұлттық банктің соңғы мәліметі бойынша, тура бір апта бұрын ғана 429,84 көрсетіп тұрған доллар курсы қазір 437 теңгеден асып жығылды.

Ал ақша айырбастау орындары доллар курсына 460 пен 470 теңге аралығында неше түрлі бағам ұсынуда. Екінші деңгейлі банктерде де доллар курсына қатысты бірізділік жоқ. «Халық банк» 462.5/468.5, «ЦентрКредит Банкі» 464/474 деген баға көрсетіп тұр.

KASE бүгінгі валюталық сауда-саттықты таңертең сағат 10:00-де бастауға тиіс болған. Бірақ техникалық себептерге байланысты әуелі түскі 12-ге, артынша тағы 14:00-ге ауыстырды.

Ресей банктерінде де АҚШ валютасының бағасы тұрақсыздық көрсетіп тұр. «Сбербанк» 84,25/101,8 десе, «ВТБ» 80,4/93,8 деген баға беріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама