×

Түркістан облысында 174 ауыл әкімінің заңсыз әрекеті әшкереленді

Әкімдер статистиканы жүргізу кезінде жалған ақпарат берген

 Халық үні 22.06.2023 | 10:12
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында 174 ауыл әкіміне айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Түркістан облысының прокуратурасының хабарлауынша, облыста 174 ауыл әкімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңгеге әкімшілік жауапқа тартылды.

Әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал санын қосып жазған, - делінген ақпаратта.

Бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару жобасын түзу және бекіту барысында қолданған. 

Қазір бұл статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 миллион гектардан 652 мың гектарға дейін төмендеді.

Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұдан алдын бекітілген мағыналас Жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама