Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді
Осы жолы 14%-ға дейін артты
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14%-ға дейін көтерді.
Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізде жылдық 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Соған сәйкес, өтімділікті ұсыну тұрғысынан тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15%, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13% болады, – дейді ведомство.
Базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім геосаяси тәуекелдер салдарынан инфляциялық қысымның күшеюі, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның саудадағы серіктес елдеріндегі бағаның өсуі мен олардың елдегі ішкі бағаға ауысуы жағдайында Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді. Үш жыл бойы байқалып отырған оң фискалдық қарқын инфляциялық процестердің маңызды қозғаушы күні болып қала береді.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейіне көтерді. Ұлттық банк базалық ставканы 13,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк базалық ставканы 13,5% деңгейінде қалдырды.