×

Ақмола облысынан басқа өңірлерде қымбатшылық бәсеңдеді

Мамырдағы жылдық инфляция 15,9% болды

 Халық үні 16.06.2023 | 17:28
Фото: Halyq Uni

2023 жылдың мамыр айында елде жылдық инфляция баяулап, 15,9% болды. Сәуірде қымбатшылық 16,8% болған еді, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Өңірлер бойынша инфляция барлық 19 өңірде бәсеңдеді. Тек Ақмола облысында ғана өткен айдағы 17,6% деңгейінде қалды.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 16,5% болды. Сәуірде бұл көрсеткіш 17,9% болған еді. 

Азық-түлік ең қатты қымбаттаған өңірлер Маңғыстау облысы (20,7%) болса, ең аз қымбаттаған өңір Алматы қаласы (14,3%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны бір жылда 17,2% болды. Сәуірде 18,2% болған.

Мұнда жоғары инфляция Астана қаласында (23,6%), ең төмен Алматы облысында (14,1%) тіркелді.

Мамырда ақылы қызмет бағасы бір жылда 13,5% болды. Сәуіпде 13,7% болған.

Ақылы қызметтер ең көп қымбаттаған өңір Ақмола облысы (18,1%), ең аз қымбаттаған өңір Астана қаласы (10,2%). 

2023 жылғы мамырда елде айлық инфляция 0,6% өсті. Бұл тарихи орташа мәннен (2017-2021 жылдары мамырда 0,5%) жоғары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама