×

Қызылорда облысында 63 тонна контрабанда тәркіленді

Тауарлардың кедендік құны 145 млн теңгені құрады

 Қымбат Елтайқызы 22.04.2022 | 17:30
коллаж: Halyq Uni

Қызылорда облысының кеденшілері ірі көлемде контрабанда мен интеллектуалды меншік құқын бұзу фактісін анықтады.

Қызылорда облысы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кедендік тексеру барысында Өзбекстаннан дайын тоқыма өнімдерін импорттаумен айналысатын жеке кәсіпкердің 8 автокөлікке тиелген тауарларының декларацияда мәлімделмегенін анықтады. Анықталған декларацияда мәлімделмеген тауарлар салмағы 63 тоннаны, ал тауарлардың кедендік құны 145 млн теңгені құрайды. Алдын ала мәлімет бойынша, мәлімделмеген тауарларға 82 млн теңге кедендік төлемдер мен салықтар есептелді, – дейді қаржы министрлігі.

Осы жағдайларға байланысты 1 факт бойынша қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-бөлігіне сәйкес, «Экономикалық контрабанда» дерегімен іс қозғалды. Бұған қоса 7 факті бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 551-бабы 1-бөлігімен 7 іс қозғалып, барлығы 1 072 050 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ анықталған тауарлардан зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген «РUMA» белгісі бар тауарлар анықталып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 558-бабымен іс қозғалып, сот қарауына жолданды.

Түркістан облысында 97 млн теңгенің тауарын контрабандалық жолмен алып өтпек болғандар анықталды. Экономикалық контрабандамен айналысқан шетелдік азамат ұсталды. Қытаймен байланысты экономикалық контрабанда анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама