×

Экономикалық контрабандамен айналысқан шетелдік азамат ұсталды

Ол 22 тонна темекіні заңсыз әкелген

 Қымбат Елтайқызы 05.04.2022 | 17:30
фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған құжаттар пайдаланып, «жалған транзит» схемасы бойынша Қазақстан аумағына салмағы 22 тонна темекіні заңсыз әкелген шетелдік азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Қаскүнем бұған дейін әзірленген қылмыстық жоспар бойынша еліміздің аумағы арқылы Маңғыстау облысының «Құрық» теңіз портынан Жамбыл облысына дейін жалған мәлімделген темекі бар жүк көлігін айдаған. Алайда Алматы облысы аумағында заңсыз жүк түсіру кезінде, яғни қылмыс үстінде құрықталған, – дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Сот оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Пайдаланылған жүк көлігі мен заңсыз әкелінген темекі мемлекет кірісіне аударылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама