×

Қытаймен байланысты экономикалық контрабанда анықталды

Көрші елден жарты миллиард теңгенің тауары заңсыз әкелінген

 Қымбат Елтайқызы 08.04.2022 | 14:30
коллаж: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігі ҚХР-мен байланысты экономикалық контрабанда жайлы ақпарат берді.

ҚМА-ның Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп, Қытайдан келетін халық тұтынатын тауарлардың аса ірі көлемдегі экономикалық контрабандасын анықтады. Қылмыстық кодекстің 234-бабы, 2-бөлігі, 1,4,5-тармақтарында көзделген экономикалық контрабанда фактісі бойынша «Group of the Companies TDA» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу тіркелді, – дейді ведомство.

Кәсіпорынның барлық операциялық жұмысын осы ЖШС директоры жүргізді. ҚХР-дан Еуразиялық кеден одағының кедендік аумағына заңсыз тасымалданған тауарлардың жалпы құны 585 617 144 теңгені құрады. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша бюджетке төленетін сома – 125 244 847 теңге.

«Биылғы 31 наурызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ЖШС директорына қатысты 2 ай мерзімге қамау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – делінген мәліметте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасы материалдық көмек алды

Комиссия үйлер мен аула аумақтарын тексеруді жалғастырып жатыр
01.04.2023 | 09:14

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45