×

Халық азық-түлік сатып алуды азайтты

Қаңтар-сәуір аралығында бөлшек сауда көлемі 4,8 трлн теңге болды

 Бауыржан Мұқанов 11.06.2023 | 11:00
Фото: Halyq Uni

2023 жылдың алғашқы төрт айында азық-түлік сатылымы 5,5% төмендеп, 1,3 трлн теңге болды. Бұл туралы LS хабарлайды .

Биыл қаңтар-сәуір айларында бөлшек сауда көлемі 4,8 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы әйкес кезеңмен салыстырғанда 10,5% артық.

Сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 28,3%-ды құрады. Қазақстандықтар 1,3 трлн теңгеге азық-түлік сатып алды. Ал азық-түлік емес тауарлар – 71,7%, немесе 3,4 трлн теңге.

Азық-түлік саудасы былтырғымен салыстырғанда 5,5%, азық-түлік емес тауарлар саудасы 18,7% өсті.

Азық-түлік ең көп сатылған өңір Алматы – 317,9 млрд теңге (+2,8%). Одан кейінгі орында Астана – 165,9 млрд теңге (-4,9%), Қарағанды облысы ​​– 144 млрд теңге (-16,4%), Шығыс Қазақстан облысы – 108,7 млрд теңге (+9,5%) және Ақтөбе облысы – 92,4 млрд теңге (+7,1%).

Республика бойынша азық-түлік ең аз сатылған өңірлер Ұлытау – 6,3 млрд теңге (-38,7%) және Жетісу – 15,9 млрд теңге (-10,2%).

Азық-түлік емес тауарларға келетін болсақ, бірінші орында тағы да Алматы – 1,1 трлн теңге (+23,4%), Астанада – 424 млрд теңгег(+17,8%), Қарағанды ​​облысы – 244,6 млрд теңге (+15,5%), Шығыс Қазақстан облысы – 194,6 млрд теңге (-1,3%) және Шымкент қаласы – 171,2 млрд теңге (+34,5%).

Ең аз Ұлытауда – 22,2 млрд теңге және Жетісуда – 39,9 млрд теңге. Бірақ екі облыста көрсеткіш тиісінше 28,1% және 23,6% көбейген. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама