×

IMF басқарушы директоры Орталық Азия елдеріне: «Жылдам өзгермесеңіздер, артта қалып қоясыздар»

Астанада халықаралық форум өтіп жатыр

 Ая Өміртай 08.06.2023 | 12:41
фото: akorda.kz

Халықаралық валюта қорының (IMF) басқарушы директоры Кристалина Георгиева Орталық Азия елдеріне бір-біріне жақындығын пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол экономикалық интеграция мен реформалар Орталық Азия мемлекеттеріне қажет екендігін айта келе, қарқынды өзгерістің маңызды екенін жеткізді.

Реформа және реформа. Егер сіздер осы қарқынмен жылдам өзгермесеңіздер артта қалып қоясыздар. Өңірде халықтың 60%-ы 30 жасқа дейінгі тұрғындар, осы орайда бұл азаматтардың өз әлеуетін толық пайдалана алатындығына көз жеткізуіңіз керек. Орталық Азия әлемге бірлесіп жұмыс істеуге болатынын көрсете алады, - деді Кристалина Георгиева.

Ол жаһандық инфляцияның кеңінен етек жайып бара жатқанын, бұл ретте құрылымдық өзгерістерді бағамдау қажеттігін алға тартты.

«Инфляцияның күшеюі кедейлерге салық секілді. Ендігі кезекте біз құрылымдық өзгерістерді бағамдай түсуіміз қажет. Тасымалдау тізбектері барынша орнықты болуы мүмкін. Сондықтан да болашақта қандай шығындар болуы мүмкін екендігін жан-жақты қарастырғанымыз жөн. Әлемдік өнімнің 7 пайызы Германия мен Жапонияның ішкі өніміне тең. Пандемия мен соңғы жаһандық жағдай  мәселелеріне қатысты өзіндік интеграция мен ұлттық стратегиялық жоспарларды талап етеді. Мұның барлығын тиімді түрде азаматтарымыздың мүделерін қорғау арқылы жүргузуіміз керек», - деп атап өтті Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама